Навигация

Опросы

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 17

Баннеры

Вакансии

«Б» корпусының E- 4 cанаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің іріктеуін жүзеге асыратын бірыңғай конкурстық комиссиясының № 3 хаттамасы (әңгімелесу барысы)

Категория: Итоги конкурсов
Дата: 30.11.2017
Просмотры: 416 Печать страницы
«Б» корпусының E- 4 cанаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің іріктеуін жүзеге асыратын бірыңғай конкурстық комиссиясының
№ 3 хаттамасы (әңгімелесу барысы)
 
 
Балпық би ауылы                                                                           30 қараша 2017 жыл
                                                                                                             сағ.10-00

 

Төрағалық етуші:
Көксу ауданы мәслихатының аппарат басшысы,
комиссия төрағасы                                                                              - А.Қожабергенов
 
Хатшы:                                                                                                  
Мәслихат аппаратының бас маманы                                                    - А.Мусанов
                                                                                  
Қатысқандар:                                                                                                          
Мәслихат аппаратының бас маманы                                                    - Ә.Керімбекова
 
Көксу ауданы мәслихатының депутаты                                               - Б.Оразбаева
 
Көксу ауданы мәслихатының депутаты                                               - Қ.Алпысбаев
 
Көксу ауданы әкімі аппаратының  персоналды                                
басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі)
бөлімінің басшысы                                                                                 - Д. Нусипова

 

Сарапшы: Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің директоры – М.Қ.Қаблисанов

Байқаушы: «Нұр Отан» партиясының Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.А.Бейсенов

 

КҮН ТӘРТІБІ

1. Көксу ауданы бойынша «Б» корпусының «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Е-4 санаты бойынша құжаттарын өткізген кандидаттың әңгімелесуін өткізу туралы.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

А.Мусанов - комиссия хатшысы: «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Е-4 санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидат Қабидолданова Мақпал Аянқызы конкурстық комиссияға қатысу үшін өткізген құжаттарымен комиссия мүшелерін таныстырып өтті.

А.Қожабергенов – аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы: Құрметті комиссия мүшелері, кандидатқа сұрақтартарды қоюға көшейік.

М.Қабидолдановаға қойылған сұрақтар:

А.Қожабергенов – аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы:

1. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға қандай талаптар қойылады?

М.Қабидолданова - конкурсқа қатысушы Е-4 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болу керек;

2) Жасы 18 кем болмау керек;

3) Қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуға және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Ә.Керімбекова – мәслихат аппаратының бас маманы, комиссия мүшесі:

2. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекітудің жалпы ережелері?

М.Қабидолданова - конкурсқа қатысушы Е-4 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

1. 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Б.Оразбаева – Көксу ауданы мәслихатының депутаты комиссия мүшесі:

3. Мәслихаттың уақытша комиссиялары құруға құқылы ма?

М.Қабидолданова - конкурсқа қатысушы Е-4 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы.

Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.

Қ.Алпысбаев – аудан мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі:

4. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы қашан шықты және қалай аталады?

М.Қабидолданова - конкурсқа қатысушы Е-4 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Д. Нусипова - Көксу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі

5. Мемлекет басшысының мақаласы қашан шықты және қалай аталады?

М.Қабидолданова - конкурсқа қатысушы Е-4 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

2017 жылғы 12 сәуір «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

А.Қожабергенов - аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы: Құрметті комиссия мүшелері, тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Комиссия мүшелері: сұрақ жоқ.

А.Қожабергенов - аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы: Сұрақ қою аяқталды, конкурстық комиссияның қорытындысын жасайық, дауысқа салайық.

Комиссия мүшелері ұсынысты қолдады.

 

Конкурстық комиссия   төрағасы                                                 А.Қожабергенов
 
Конкурстық  комиссия хатшысы                                                  А.Мусанов
 
Конкурстық комиссия мүшелері                                                   Ә.Керімбекова
 
                                                                                                       Б.Оразбаева
 
                                                                                                       Қ.Алпысбаев
 
                                                                                                       Д.Нусипова
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.