Навигация

Опросы

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 17

Баннеры

Вакансии

«Б» корпусының - № 3 хаттамасы (әңгімелесу барысы)

Категория: Конкурсы
Дата: 28.08.2018
Просмотры: 312 Печать страницы
«Б» корпусының E- 5 cанаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің іріктеуін  жүзеге асыратын бірыңғай конкурстық комиссиясының
№ 3 хаттамасы (әңгімелесу барысы)
 
 
Балпық би ауылы                                                                           28 тамыз 2018 жыл
                                                                                                             сағ.10-00
 
Төрағалық етуші:
Көксу ауданы мәслихатының аппарат басшысы,
комиссия төрағасы                                                                                  - А.Қожабергенов                                    
 
Хатшы:                                                                                                  
Мәслихат аппаратының бас маманы                                                    - А.Мусанов
                                                                                  
Қатысқан комиссия мүшелері:                                                                                                          
Мәслихат аппаратының бас маманы                                                    - Ә.Керімбекова
 
Көксу ауданы мәслихатының депутаты                                               - Б.Оразбаева
 
Көксу ауданы мәслихатының депутаты                                               - Қ.Алпысбаев
 
Көксу ауданы әкімі аппаратының  персоналды                                
басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі)
бөлімінің басшысы                                                                              - Е.Тұрғанбаев
                                                                                                           (келісім бойынша)
                                                    
         Сарапшы: Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің директоры  – М.Қ.Қаблисанов  
         Байқаушы: «Нұр Отан» партиясының Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.А.Бейсенов
 
КҮН ТӘРТІБІ
        
          1.  Көксу ауданы бойынша «Б» корпусының «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Е-5 санаты бойынша құжаттарын өткізген кандидаттың әңгімелесуін өткізу туралы.
 
ТЫҢДАЛДЫ:

      

А.Мусанов - комиссия хатшысы: «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Е-5 санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидат Досабаев Жандос Қуатұлы конкурстық комиссияға қатысу үшін өткізген құжаттарымен комиссия мүшелерін таныстырып өтті.

А.Қожабергенов – аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы: Құрметті комиссия мүшелері, кандидатқа сұрақтартарды қоюға көшейік.

Ж.Досабаевқа қойылған сұрақтар:

Профильдік сұрақтар

А.Қожабергенов – аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы:

1-сұрақ: Осы лауазымда қандай функционалдық міндеттерді орындайсыз?

Ж.Досабаев - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» орындалуын және заңдылығын қамтамасыз етеді;

2. Мәслихат сессияларының шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды, мәслихат аппаратында іс жүргізу жұмыстарының жүргізілуін бақылайды, қызметтік жазбаларды жүргізеді. Аппарат мәжілістерінің хаттамаларын жүргізеді, онда берілген мәслихат хатшысының тапсырмаларының орындалуын қамтиды. Сессия хаттамаларын жүргізіп, сақтауға жауапты, сессия есеп журналын жүргізеді.

3. Азаматтардың арыздары мен өтініштерін тіркеп, есебін жүргізеді, белгіленген мерзімде олардың қаралуын ұйымдастырады.

4. Білім, мәдениет, денсаулық сақтау және жастар ісі жөніндегі жұмыстары бойынша тұрақты комиссияның жетекшілік қызметін атқарады. Мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметін орындайды.

5. Мәслихат шешімдерін тіркейді және таратады, ведомстволық архивқа жауапты.

6. Мәслихат аппараты, жоғары тұрған ұйымдардың және мәслихат хатшысының бақылауындағы құжаттарды мерзімін сақтай отырып, толығымен орындайды. Тұрақты комиссия жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасайды.

7. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде WORD, EXCEL, «Lotus Notes», бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Ә.Керімбекова – мәслихат аппаратының бас маманы, комиссия мүшесі:

2-сұрақ: Жергілікті мемлекеттік басқаруды қалай түсінесіз?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару заңда және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет.

Б.Оразбаева – Көксу ауданы мәслихатының депутаты комиссия мүшесі:

3-Сұрақ: Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына мәслихаттың келісімі керек па?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Ия керек, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, әкімнің ұсынуы бойынша.

Қ.Алпысбаев – аудан мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі:

4-Сұрақ: Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қандай жауаптылыққа тартылады?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматттық құқықтық , тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Е.Тұрғанбаев - Көксу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі

5-Сұрақ: Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға жауапты қай тілде қайтарылады?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға берілетін жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

Жағдайдайға байланысты сұрақтар

Е.Тұрғанбаев - Көксу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, комиссия мүшес

6-сұрақ: Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда қайда шағымдану керек?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның басшысына, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не сотқа комиссиясының шешіміне қатысты шағым жасай алады.

Ә.Керімбекова – мәслихат аппаратының бас маманы, комиссия мүшесі:

7-сұрақ: Қызметтегі әріптестеріңіздің бірі қызметке пайдалануға берілген мемлекеттік мүлікті жеке ісіне пайдаланып жүргенін байқасаңыз, Сіздің әрекетіңіз?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Заңға қайшы іс-әрекет жасап жүргенін ескертемін.

Мотивациялық сұрақтар

Б.Оразбаева – Көксу ауданы мәслихатының депутаты комиссия мүшесі:

8-Сұрақ: Мемлекеттік қызметке қандай себеппен жұмыс істеуге ниет білдірдіңіз?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

Қ.Алпысбаев – аудан мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі:

9-сұрақ: Бұрынғы жұмыс орныңыз және осы лауазымға жүктелген міндеттерді орындай аласыз ба?

Ж.Досабаевқа - конкурсқа қатысушы Е-5 санаты бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік орынға орналасу үшін кандидат төменгі жауап берді:

 

А.Қожабергенов - аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы: Құрметті комиссия мүшелері, тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Комиссия мүшелері: сұрақ жоқ.

А.Қожабергенов - аудан мәслихатының аппарат басшысы, комиссия төрағасы: Сұрақ қою аяқталды, конкурстық комиссияның қорытындысын жасайық, дауысқа салайық.

Комиссия мүшелері ұсынысты қолдады.

 

 

 
Конкурстық комиссия   төрағасы                                                   А.Қожабергенов
 
Конкурстық  комиссия хатшысы                                                    А.Мусанов
 
Конкурстық комиссия мүшелері                                                     Ә.Керімбекова
                                                                                                        
                                                                                                         Б.Оразбаева
                                                                                                        
                                                                                                          Қ.Алпысбаев
 
                                                                                                          Е.Тұрғанбаев
                                                                                                          (келісім бойынша)

 

 

 
Таныстым: _______________  Ж.Досабаев
 
                    «28» тамыз 2018 жыл
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.