Навигация

Сауалнамалар

Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгініп көрдіңіз бе?

Ия
Жоқ
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Өмірбаян

VII шақырылған Көксу ауданы мәслихатының депутаттары

Депутат

1

Досымбеков Алдибек Ргайбекович - аудан мәслихатының хатшысы

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты


1962 жылы Талдықорған облысы (Алматы облысы), Киров ауданы (Көксу ауданы), Алғабас ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1979 жылы Алғабас колхозының жұмысшысы болып бастаған.

1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеген.

1983-1988 жылдары Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірді.

1988-1999 жыдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде жұмыс жасаған, 1999-2002 жылдары «Науатоған» шаруа қожалығының төрағасы, 2002 -2012 жылдары Алғабас ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасады.

2012 жылғы қаңтардан бүгінгі күнге дейін Көксу ауданы мәслихатының хатшысы болып еңбек етеді.

Көксу аудандық мәслихатының II шақырылым депутаты, V, VI шақырылым хатшысы болып сайланған.

Еңбектері үшін Қазақстан Республикасының ПрезидентіКасым Жомарт Кемелұлы Токаевтың «Құрмет грамотасымен»,Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет грамотасымен»,«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына - 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына - 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына - 25 жыл», мерекелікмедальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2019 жылғы «Үздік мәслихат хатшысы» төсбелгісімен, "100 жылД.Конаев"төсбелгісімен, "100 жылМ.Сеңгірбаев"төсбелгісімен марапатталған.

2

 

Алпысбаев Калибек Демегенович - «Кең дала» шаруа қожалығының төрағасы

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1967 жылы 26 қарашада Талдықорған облысы, Киров ауданы, Мәулімбай ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Көксу ауыл шарушылық техникумын «инженер-механик»мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы «Мұсабек» атындағы қой совхозында жүргізуші болып бастаған. 1993-1995 жылдары Талдықорған қаласындағы «Есен Али Сервис» фирмасында, 1995 -1997 жылдары «Мәулімбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдықтаушы, 1997-2003 жылдары аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорының орынбасары болып еңбек еткен. 2003 жылдан бүгінге дейін «Кең дала» шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етуде.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасымәслихаттарына - 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелікмедальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Көксу ауданының Құрметті азаматы.

3

 

Байжуманов Галым Казбекович - «Қараш» шаруа қожалығының төрағасы

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

Байжұманов Ғалым Казбекұлы 1966 жылы 21 қарашада Талдықорған облысы, Киров ауданы, Болшевик ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Мұсабек атындағы орта мектебіне барып, 1982 жылы 8 сыныпты аяқтап шықты.

1982-1986 жылдары Көксу ауыл шаруашылық техникумында оқыған. 1986-1988 жылдары Совет Әскері қатарында азаматтық борышын атқарған.

1988 жылдың маусым айынан бастап ауыл шаруашылығында жұмыс істеген.

1995 жылдың ақпан айында «Қараш» шаруа қожалығын құрып, қазіргі таңға дейін шаруашылықтың жетекшісі болып жұмыс істейді.

Ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

4

 

Жунусов Куат Алдибекович - «Көксу-Жылу» К ММ директоры

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1973 жылы 6 қазанда Талдықорған облысы, Киров ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген.

1995 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «еңбек және техника» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы кәсіпкерлікпен шұғылданудан бастаған, 1996 жылы №103 жылжымалы механикаландырылған колоннада құрастырушы болып жұмыс істеген. 1997-2010 жылдары «ТАТЭК» акционерлік қоғамының Көксу аудандық электр жүйесінде көлік жүргізушісі, бас инженер, электр қуатын сату бөлімінің бастығы болып еңбек етті. 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін Көксу ауданы әкімі жанындағы «Көксу -жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл», мерекелікмедальдарымен, «Отан патриоты», «Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты», «Сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

5

 

Карабасов Канат Токсанбаевич - «Еңбекші» ЖШС-нің директоры

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1963 жылы 13 маусымда Талдықорған (Алматы) облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылында дүниеге келген.

1989 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «ғылым- агроном» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтында бастаған. 1988-1993 жылдары Киров ауданы Большевик ауылдық кеңесінің хатшысы, 1993-2002 жылдары «Қамқорлық» шаруа қожалық төрағасы, 2002-2005 жылдары «Еңбекші» ЖШС-нің төрайымының орынбасары, 2005-2007жылдары Астана қаласындағы «Құлагер» құрылыс корпорациясында «Жадыра билдинг» жауапкершілігі ЖШС-нің директорының орынбасары, 2007-2011 жылдары «Алматыоблтяжстрой» ЖШС бас директордың орынбасары, 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін «Еңбекші» ЖШС-нің директоры.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен «Қазақстан республикасы мәслихаттарына - 20 жыл», «Қазақстан республикасы мәслихаттарына - 25 жыл» медалімен марапатталған.

6

 

Кан Инна Терентьевна - Б.Құндақбаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1967 жылы 1 ақпанда Талдықорған облысы, Киров ауданы, Көксу бекетінде дүниеге келген.

1990 жылы инженер-механик мамандығы бойынша И.И.Ползунов атындағы Алтай политехникалық институтын бітірді.

1991-1994 жылдар арлығында Талдықорған қаласындағы СТО и ОПО «Каз аккумулятор» заводында инженер-механик қызметін атқарды.

1994 жылдың тамыз айында Мұқаншы орта мектебінде мұғалім ретінде қызметін атқара бастады.

2003 жылы І.Жансүгіров атындағы Мемлекеттік университетін «Еңбек және кәсіби оқу» мамандығын оқып бітірді.

2003 жылдың сәуір айынан бастап ұстаз-ұйымдастырушы қызметіне тағайындалды.

2004 жылдың ақпан айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

2005 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде тағайындалды.

2012 -2020 жылдары Мұқаншы орта мектебінің директоры болып қызмет атқараған.

2020 жылдан қазіргі уақытқы дейін Б.Құндақбаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары

Ерен еңбегі үшін: «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл» мерекелік медалімен, Білім беру саласыңдағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» белгісімен, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі құрмет грамотасымен,Алматы облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған.

7

 

Айманбекова Айгүл Жетпісбайқызы - Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің директор-бас редакторы

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1996 жылы 6 ақпанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Айнабұлақ бекетінде дүниеге келген.

2013 жылы Айнабұлақ бекетіндегі №12 орта мектебін бітірген.

Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетін «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған.

2017 жылы аудандық «Нұрлы Көксу» газетіне тілші қызметіне орналасқан. Қосымша 2018 жылы Алматы облысының ішкі саясат мемлекеттік мекемесінің «Jetisu media» КММ - не аудандармен жұмыс жасау бөліміне бас маман-баспасөз хатшысы болып қосымша жұмысқа орналасқан. 2019 жылы маусым айынан қазіргі уақытқа дейін «Нұрлы Көксу» ЖШС директор-бас редакторы болып екі қызметті бірге атқарып келеді.

Ерен еңбектері үшін: 2019 Көксу ауданы әкімі А.Әділдің, Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының орынбасары С.Нұрқадыровтың, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Е.Макажановтың, Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұ.Досымбековтің, Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Р.Гимадиевтің Алғыс хатымен, Алматы облысының әкімінің орынбасары Б.Байжұмановтың «Үздік ақпараттық баспасөз хатшысы» номинациясымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы С.Нұрғисаевтен «Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» жастар форумына қатысқаным үшін, «Жетісу» телеарнасының директоры Б.Құранбектің БАҚ өкілдері арасында өткізілген облыстық ашық спартакиадаға қатысқаным үшін Алғыс хатпен марапатталған

8

 

Гаджиев Курбан Гадживалиевич - «Гаджиев» жеке кәсіпкерліктің басшысы

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1981 жылы 18 қазанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген.

Білімі-жоғары. 1998-2002 жылдары Әзірбайджан Ғылыми-білім беру орталығының "тафаккюр" университетін "экономиканы құқықтық реттеу"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007-2015 жылдары "Гаджиев"ЖК басшысының көмекшісі болып бастаған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Гаджиев" ЖК басшысы.

Ерен еңбектері үшін: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградасымен, 2020 ж.Халық Алғысы медалімен марапатталған.

9

Байгабулов Нурлан Сейлханович - Көксу аудандық балалар мен жас өспірімдер спорт мектебінің директоры

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

Байгабулов Нурлан Сейлханұлы 1987 жылы 3 ақпанда Киров ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген.

2004 жылы Киров кентінің Луначарский атындағы орта мектебінде білім алған

2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің География-экология факультетінің «туризм менеджері және оқытушысы» мамандығы бойыншабітірген

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының туризмді дамыту бөлімінен бастаған.

2010-2012 жылдары Ә.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқықакадемиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.

2012-2013 жылдары МҚКК «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында»әдіскер қызметін атқарған.

2013-2014 жылдары Көксу ауданы әкімінің аппаратында әкім көмекшісі қызметін атқарған.

2014-2018 жылдары МҚКК «Туризм және ақпараттық қызмет көрсету» орталығында директор лауазымында жұмыс істеген.

2019 жылы Көксу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарған.

2019 жылдың 19 қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін «Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мескемесінің «Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде директор лауазымын атқаруда.

Ерен еңбектері үшін: 2013ж. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Астана күніне арналған спорт саласының қызметкерлері мен жаттықтырушылары арасында бильярдтан өткен турнирде 3 орын алғаны үшін грамотасымен, 2016 ж. ОО «Казахское общество глухих» Алматы облысыАлғыс хатымен, 2015ж. Басқарма басшысы Р.Алпысбаев Алғыс хатымен, 2017ж.Алматы облыстық ГККП әкімшілігі «М.Тынышпаева атындағы тарихи-өлкетану музейі» Алғыс грамотасымен, 2020ж. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Н.Теңізбаев Құрмет грамотасымен, 2020ж. Аудан әкімі А.Әділдің Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы Төрағасы А.Баталовтың Алғыс хатымен, 2019ж. Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Даутовтың Алғыс хатымен марапатталған.

10

 

Асылбекова Гульжанат Акболатовна - Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің директоры

«NurOtan» партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

Асылбекова Гулжанат Акболатовна 1978 жылы 31 қазадаі Алматы облысы, Киров ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары. 2005 жылы И.Жансугуров атындағы Жетысу Мемлекеттік Университетін тарих, география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.

2002 жылдың 1 қыркүйегінен Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектепте география пәнінің мұғалімі. 2011 жылдың 8 қаңтар күнінен мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2019 жылдың 3 мамырына қазіргі уақытқа дейін Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің директоры қызметін атқаруда.

Отбасылымын, алты баланың анасы.

Ерен еңбектері үшін:

SERPIN ұлттық білім және инновация палатасының Құрмет грамотасы, 2018;

Көксу ауданы әкімінің Алғыс хаты, 2019 жыл;

География пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасы, І дәрежелі диплом, 2020 жыл;

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абайды ұлықтау-ұрпақ міндеті» Алғыс хат, 2020-2021 оқу жылы;

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, 2020 жыл:

Нұр Отан партиясының сайлауалды іріктеуіне белсенді ат салысқаны үшін Алғыс хат, 2020 жылы марапатталған.

11

 

Аманбаев Армен Мәтенұлы - «Асыл» жеке кәсіпкерліктің басшысы

Қазақстанның «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қоғамдық бірлестігінен Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1985 жылы 14 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Қалқа Жапсарбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепті тәмамдаған.

2003-2005 жылдары Талдықорған қалалық медициналық колледжінде оқып, «Фельдшер» мамандығын алған.

2010 жылы Талдықорған қаласы №1 кәсіптік лицейінің «Компьютер құрылғыларына қызмет көрсетуші техник» мамандығын алған.

Еңбек жолын «Армен» жеке шаруа қожалығының жетекшілігімен бастаған.

2015 жылдан «Асыл» жеке кәсіпкерліктің басшысы болып қызмет етеді.

Қазақстанның «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

12

 

Ченгельбаева Ансия Руслановна - Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округі әкімі мемлекеттік мекемесініңкомпьютерлік бағдарламалар операторы

Қазақстан Халық партиясынан Көксу ауданы мәслихатының депутаты
 

1995 жылы 12 наурызда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген.

2013 жылы Қанабек Байсейтов атындағы орта мектебін бітірген.

2013-2017 жылдары Талдықорған қаласындағы Бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжінің «бастауыш білім беру» мамандығы бойынша бітірген.

2017-2019 жылдары Үштөбе қаласындағы №97 балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеген.

2019 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округі әкімі мемлекеттік мекемесінде компьютерлік бағдарламалар операторы болып жұмыс істейді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.