Навигация

Сауалнамалар

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 17

Баннеры

Басшылық

Ауданың мәслихаттың хатшысы - Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы
 
1962 жылы 21 наурызда Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келді. 1988 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1988 жылы «Алғабас» өндірістік кооперативінің мал дәрігері ретінде бастады. 1992-1999 жылдары Көксу ауданы «Алғабас» өндірістік кооперативінің ферма меңгерушісі, 1999-2002 жылдары Алғабас ауылдық округінде «Науатоған» шаруа қожалығының төрағасы, 2002 -2012 жылдары Алғабас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 2012 жылғы қаңтардан бүгінгі күнге дейін Көксу аудандық мәслихатының хатшысы болып еңбек етеді.

Мәслихаттың хатшысы ретінде мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу, мәслихат аппаратының жұмысын басқару, мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

Мәслихат депутаттарының ҚР Президентінің Жолдауларын түсіндіру және насихаттау бойынша қызметін үйлестіреді, тұрғындардың аз қамтылған топтарының әлеуметтік қорғалуы, бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мәселелеріне анағұрлым назар аударады.

Еңбектері үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына - 20 жыл» мерекелік медальдарымен, облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

 

 

Мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Талдықорған қалалық мәслихатының регламентiне сәйкес мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырып, басшылық етедi, сондай-ақ мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердің орындалуы мен аппарат қызметкерлерінің өз қызметтерін жүзеге асыруына жауапкершiлiкте болады.
Осы мақсаттарда мәслихат хатшысы:
Мәслихат аппараты қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерін белгілейді;
Заңдарға сәйкес мәслихат аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
Заңдарда белгiленген тәртiппен мәслихат аппаратының қызметкерлерiн ынталандыру шараларын белгілейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
Өкiмдерге қол қояды;
Мәслихат аппаратының шығыс сметасын жасайды және орындайды;
Мәслихат аппаратының мүддесiн мемлекеттiк және өзге де ұйымдарда қорғайды;
Мәслихат аппаратының құрылымын анықтайды;
Заңдарда және нормативтiк актiлерге сәйкес басқа да өкiлеттiктердi iске асырады.
Мәслихат хатшысы болмаған уақытта оның мiндеттерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының бiрi атқарады..
Мәслихат аппаратының өкілеттіктер және филиалдар құруға құқығы жоқ.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.