Навигация

Сауалнамалар

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 17

Баннеры

Ауданың бюджеті

Көксу ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 6 508 493 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 653 588 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 7 347 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 8 890 мың теңге;

трансферттер түсімі 5 838 668 мың теңге;

2) шығындар 6 508 493 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 72 404 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 142 835 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 70 431 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 72 404 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 72 404 мың теңге:

қарыздар түсімі 142 835 мың теңге;

қарыздарды өтеу 70 431 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 16 937 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 419506 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Балпық ауылдық округіне 111180 мың теңге;

Жарлыөзек ауылдық округіне 44339 мың теңге;

Лабасы ауылдық округіне 28229 мың теңге;

Мұқыры ауылдық округіне 42301 мың теңге;

Мұқаншы ауылдық округіне 33087 мың теңге;

Алғабас ауылдық округіне 34032 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округіне 34630 мың теңге;

Айнабұлақ ауылдық округіне 33004 мың теңге;

Қаблиса ауылдық округіне 27734 мың теңге;

Мұсабек ауылдық округіне 30970 мың теңге.

4. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға;

өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Көксу ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

5. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Көксу ауданы мәслихатының хатшысы

 

А. Досымбеков

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.