Навигация

Опросы

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 16

Партнеры

Должностные обязанности

Аудан мәслихаты аппаратының әкімшілік-мемлекеттік қызметкерлерінің өзара міндеттерін бөлісуі

 

Аудан мәслихаты аппаратының

БАСШЫСЫ (санаты Е-2, индексі 03-01)

     1) Аппарат қызметіне  басшылық етеді, аппаратқа  жүктелген  міндетті қызметтерінің, аппараттың  іс-жоспарының  орындалуына  тікелей  жауапты, Мәслихат хатшысының бекітуімен аппарат қызметкерлері арасында лауазымды  міндеттерді бөледі, аппарат  жұмысының тәртібін, еңбек  және өндірістік  тәртіптің сақталуын  қамтамасыз етеді;

     2) Мәслихат сессиясына керекті  құжаттардың дайындалуын  қамтамасыз  етеді, аудандық мәслихаттың  кешенді және ағымдағы іс-жоспарларының  жобасын жасауды  ұйымдастырады, оның орындалуын қадағалайды;

     3) Аудан мәслихатының тұрақты  комиссияларының отырыстарына  қатынасады, аппарат  жұмысына қатынасты мәселелер бойынша аудан мәслихатының хатшысына тиісті  ұсыныстар енгізеді;

     4) Аудан мәслихатының хатшысының  келісімімен сессияда  қаралатын  мәселелерді дайындау үшін ұйымдық-техникалық шараларға керекті  құжаттарды тиісті органдардан, лауазымды  адамдардан  сұрайды;

     5) Аппарат  басшысы Заңға және аудан мәслихатының Ережесіне сәйкес мәслихат  аппараты мамандарына  жүктелген міндеттері мен міндетті  қызметтерін атқармағаны үшін, оларды тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныс береді, кадрларды іріктеуге, орналастыруға, қарамағындағылардың еңбек тәртібін  сақтауына  жауапты;

     6) Аудан мәслихатының барлық тұрақты комиссия мүшелеріне, аппарат қызметкерлеріне, аудандық мәслихат  депутаттарына округтегі сайлаушылармен жұмыс  жүргізу  жөнінде әдістемелік және кеңестік  көмек көрсетеді;

     7) Аудан мәслихаты  аппаратының басшысы  болмаған жағдайда  оның  міндетін  уақытша мәслихат аппаратының бас маманы (индекс 03-02) атқарады.

 

Аудан мәслихаты  аппаратының

бас маманы (санаты Е-4, индексі 03-02)

     1) Аудан мәслихатының  шешімдері  жобасының  және  басқада құжаттарының  заңға  сәйкестігін тексереді. Аудан мәслихатының  күші жойылмаған  шешімдерін қолданыстағы Заңдылықтарға сәйкестендіруге ұсыныстар  дайындайды;

     2) Аудан  мәслихатының  «Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі»  тұрақты  комиссиясына әдістемелік және кеңестік көмек көрсетіп, комиссияның хатшылық қызметін атқарады, құжаттарын жүргізеді;

Аудан мәслихаты  депутаттарының өкілеттігіне байланысты және  басқа да түскен ақпаратты хабарларды  қорытады;

     3) Аудан мәслихатының  хатшысының  тапсырмасы  бойынша  аудан мәслихатының  шешімдерін жою, шешімдерінің  күшін  жою туралы  жобалар  дайындайды, хатшыға ұсынады;

     4) Аудан мәслихаты  қызметінде  заңдылық-құқықтық  мәселелерге байланысты  аудан  мәслихаты  хатшысының, аппарат  басшысының тапсырмаларын орындайды;

     5) Аудан мәслихаты  сессиясында  қабылданған  нормативтік-құқықтық  актілерді мемлекеттік  тіркеуден өткізу  үшін  Әділет  департаментіне  жібереді. Олар  жөнінде  дәлелдеу-анықтама  дайындайды және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми  түрде бұқаралық-ақпараттық  құралдарда жариялайды. (аудандық «Нұрлы Көксу»  газетінде);

     6) Жарияланған  нормативтік-құқықтық шешімдердің  есебін жүргізеді;

     7) Аудан  мәслихатының  отырысына  қатынасады, аудандық мәслихаттың  шешімдері және тіркелген шешімдеріне, жойылған күші жойылған шешімдеріне түсініктеме береді;

     8) Сайлау комиссияларымен байланыс жасайды, шығып қалған сайлау комиссияларының  мүшелерін есепке алып, комиссияларының жаңа мүшелерін енгізу жөнінде аппарат басшысына ұсыныс жасайды;

     9) газет тігінділерін реттейді;

    10) Бас маман  болмаған  жағдайда  оның міндетін мәслихат аппаратының бас маманы атқарады.

 

Аудан мәслихаты  аппаратының

бас маманы (санаты Е-4, индексі 03-03)

     1) Аудан мәслихаты аппаратының бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізеді;

     2) Аудан мәслихаты хатшысының, аппарат басшысының қызмет бабындағы тапсырмаларын орындайды;

     3) Аудан мәслихаты  қызметінің  материалдық-техникалық, мәслихат  сессиясының, мәслихат аппаратының  қаржы-шаруашылық  мәселелерін  шешеді, ұйымдастырады. Сессия жұмысына қажетті әзірліктер дайындайды.

     4)  Мерзімді баспасөзге  жазылуды  ұйымдастырады және бақылау жасайды;

     5) Аппаратқа  жазылған  мерзімді  баспасөздің  уақытымен  келуін  қадағалайды;

     6) Жетекші маман  болмаған жағдайда оның міндетін мәслихат аппаратының  бас маманы  атқарады.

 

Аудан мәслихаты  аппаратының

бас маманы (санаты Е-4, индексі 03-04)

     1) Кадр есебін жүргізеді, аудан  мәслихаты  аппаратының қызметкерлерінің   еңбек кітапшаларына тиісті мерзімде  өзгерістер енгізеді;

    2) Мерзімді «Мәслихат» журналына аудан мәслихат аппараты мен депутаттарының жазылуын ұйымдастырады, сондай-ақ ҚР мәслихат депутаттарының Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмыстарын жүргізеді және бақылайды;

    3) Мемлекеттік қызмет мәселелерін  реттейді, кадрларды конкурстық таңдау жөніндегі жұмыстарды, кадрлардың оқуларын, дайындығы мен қайта даярлығын, біліктілігін көтеру жұмыстарын ұйымдастырады, аппарат  қызметкерлерінің  аттестациядан өтуін  бақылайды;

     4) Аудан мәслихатының сессияларына депутаттардың қатысуын қамтамасыз  етеді;

     5) Конкурстық, аттестациялық, тәртіптік және ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына әдістемелік және кеңестік көмек көрсетіп, хатшылық қызметтерін атқарып, құжаттарын жүргізеді;

     6) Аудан мәслихаты  хатшысының, аппарат  басшысының тапсырмаларын  орындайды, тиісті учаскеде  өзіне  тапсырылған  тапсырмалардың  белгіленген мерзімде  және  сапалы орындалуын  қамтамасыз етеді;

     7) Депутаттардың куәлігін, аппарат қызметкерлерінің  қызметтік  куәліктерін дайындайды, тіркейді және пайдалану тәртібін бақылайды;

     8) Аудан көлемінде  «Қазақстандағы Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  орындалуын  зерттейді.

     9) Бас маман  болмаған жағдайда оның  міндетін аппараттың бас маманы    атқарады.

                                                                                                                                                                                                                                                        

    Аудан мәслихаты  аппаратының

жетекші маманы (санаты Е-5, индексі 03-05)

     1) Аудан мәслихатының Регламентіне (жұмыс ретіне) сәйкес аудан   мәслихаты  сессиясына  құжаттардың   дайындалуын  қамтамасыз етеді;

     2) Аудан мәслихаты сессиясына енгізетін мәселелер бойынша  шешімдердің  жобаларын  алдын ала  депутаттарға  беруді қамтамасыз  етеді, Аудан  мәслихаты сессиясы  отырысының  хаттамасын  жүргізеді, құжаттарын дайындайды, тиісті орындарға жібереді;

     3) Аудан мәслихаттың  және  оның аппараты қызметінің іс-қағаздарын, аппарат жиналыстарының хаттамаларын жүргізеді, регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді;

     4) Дайындалған  ақпараттық, анықтамалық жинақты және басқа  құжаттарды, сессияның құжаттарын  көбейтеді және  аудан мәслихатының  депутаттарына  жібереді;

     5) Аудан мәслихатына  келіп түскен  хаттарды, тұрғындардың арыз-шағымдарын есепке алады, оларға тиісті жауаптарын беруді ұйымдастырады, мемлекеттік және  мемлекеттік емес  органдардан келіп түскен құжаттарды тиісті  мерзімінде  қарап, оларға қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес  жауап  беруін  ұйымдастырады  және  бақылайды;

     6)  Жеке  және заңды тұлғалардың №1-ОЛ  нысанды статистикалық есептерін дайындайды және мерзімінде өткізеді.

     7)   Мемлекеттік      және      мемлекеттік     емес       ұйымдардан      түсетін  ақпараттарды тіркеп, жауаптар мен мәліметтерді  белгіленген  мерзімінде жіберілуін және сапалы болуына жауап береді.

     8) Аудан мәслихаты аппаратының  іс-қағаздары номенклатурасын  жасайды, құжаттарды  архивқа өткізуге  дайындайды  және мерзімінде өткізеді.

     9) Аудан мәслихатының депутаттарына арналған семинарлар, әдістемелік көмектер ұйымдастыруды, хаттамаларды жүргізу, аудандық мәслихаттың сессиясына, оның тұрақты комиссияларының және басқа жұмыс комиссияларының  отырысына енгізілген мәселелер бойынша құжаттар дайындауға  қатынасады.

     10) Аудан мәслихатының «Ауданның білім, мәдениет, денсаулық сақтау және жастар ісі  жөніндегі» тұрақты комиссиясына  әдістемелік және кеңестік көмек көрсетіп, хатшылық қызметін атқарады, құжаттарын жүргізеді.

     11) Бас маман болмаған  жағдайда оның  міндетін мәслихат аппаратының жетекші маманы атқарады.

 

Аудан мәслихаты аппаратының басшысы                                                                                                                                                                                                А.Қожабергенов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.