Навигация

Сауалнамалар

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 17

Баннеры

Негізгі қызметтік бағыттары

2021 жылы «Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі» тұрақты комиссиясында келесі мәселелер қаралды:.

1. Халықтың әлеуметтік осал жігін (мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, ауған соғысына қатысқандар, сотталғандар әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шаяхметова Айгүл Нұртайқызының хабарламасы тыңдалып,қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

2.Балпық және Лабасы ауылдық округ әкімдерінің елді мекендерді көркейту, табиғат ресурстарын қорғау мен санитарлық тазалық жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары туралы Балпық ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Төлеген Қожабековтың және ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Санат Шаухаровтың есептері тыңдалып,қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

3.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы туралы«Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жүнісов Айдын Несіпайұлыныңхабарламасы тыңдалып, қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

4.«Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралыАудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай кадр қызметі бөлімінің басшысы Кубиева Жанар Әнуарбекқызының хабарламасы тыңдалып, сессияда қаралу туралықаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

 

2021 жылы «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. «Көксу ауданының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» және «Көксу ауданының ауылдық округтерінің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» мәселелер бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Жетпісбаева Ардақ Тоқтауқызының және ауылдық округ әкімдерінің есебі тұрақты комиссия отырысында талқыланып, сессияда қаралу туралы қаулы қабылданды.

2.Көксу ауданы бойынша мал ауруына қарсы екпе және ауру таратпау шараларын алдын алу жұмыстары туралы атқарға іс-шаралары бойынша Көксу ауданының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК директорыАлпысбаев Адилбек Керимбаевтың хабарламасы тыңдалып, қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.,

3. «Көксу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалу барысы туралы» аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының есебі тыңдалып, сессияда қарауға жіберу туралы қаулы шығарылды.

4. «Көксу ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы», «Көксу ауданы ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» жобалары бойыншаНұрмұхамбетов Серік Сапарұлы- аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысының баяндамасы тыңдалып, сессияда қарау туралытиісті қаулы қабылданды.

 

2021 жылы «Білім, мәдениет, денсаулық сақтау және жастар ісі жөніндегі жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. «Коронавирус індетінің таралуының алдын-алу және күресу бойынша атқарылған қызметтер» туралы ШЖҚ «Көксу ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры Абдығалымов Марат Советайұлының хабарламасы тыңдалып, қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы«Қолжетімді әрі сапалы білім» бөліміне сәйкес атқарылған жұмыстар туралы Көксу ауданы білім бөлімінің басшысы Сейтнязов Тілеумұрат Тұрғанбайұлының хабарламасы тыңдалып, қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

3. Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының 2021 жылғы 9 айда атқарылған іс-шаралары туралы Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дүйсенбаев Қуаныш Серікқазыұлының хабарламасы тыңдалып, қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

4. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 242 қаулысына) сәйкес атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар есептері мен баяндамалар тыңдалып, қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.