Навигация

Сауалнамалар

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 17

Баннеры

Қолданыстағы актілер НҚА

Көксу ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу т

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 29.09.2020
Оқылды: 71 Печать страницы
Көксу ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және
ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру,
бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға
жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен
тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

 

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

2. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2019 жылғы 4желтоқсандағы № 55-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5320 тіркелген,2019 жылдың 12 желтоқсанындаҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
Көксу ауданы мәслихатының сессия төрағасы
 
К. Алпысбаев
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы
 
А. Досымбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.