Навигация

Сауалнамалар

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 17

Баннеры

Қолданыстағы актілер НҚА

Көксу ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 57-1 «Көксу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 15.09.2020
Оқылды: 66 Печать страницы

Көксу ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 57-1 «Көксу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 57-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5377 тіркелген, 2020 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 11 723 729 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1 137 724 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 10 155 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 6 956 мың теңге;

трансферттер түсімі 10 568 894 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 417 мың теңге;

мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 10 568 477 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағынысаналы трансферттер4 596 218 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 1 527 071 мың теңге;

субвенциялар 4 445 188 мың теңге;

2) шығындар 14 213 389 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 144 418 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 193 669 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 49 251 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 634 078 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 634 078 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Көксу ауданы мәслихатының сессия төрағасы
 
К. Алпысбаев
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы
 
А. Досымбеков

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.