Навигация

Сауалнамалар

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 17

Баннеры

Жобалар НҚА

Көксу ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 10.12.2021
Оқылды: 17 Печать страницы

Көксу ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 3 407 715 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 673 426 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 7 266 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 8 890 мың теңге;

трансферттер түсімі 2 718 133 мың теңге;

2) шығындар 3 407 715 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 102 142 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 163 836 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 61 694 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 102 142 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 102 142 мың теңге:

қарыздар түсімі 163 836 мың теңге;

қарыздарды өтеу 61 694 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 12 104 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 260 679мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Балпық ауылдық округіне 93 164 мың теңге;

Жарлыөзек ауылдық округіне 25 187мың теңге;

Лабасы ауылдық округіне 10 542 мың теңге;

Мұқыры ауылдық округіне 23 847 мың теңге;

Мұқаншы ауылдық округіне 15 182 мың теңге;

Алғабас ауылдық округіне 21 802 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округіне 17 487 мың теңге;

Айнабұлақ ауылдық округіне 20 191мың теңге;

Қаблиса ауылдық округіне 16 594 мың теңге;

Мұсабек ауылдық округіне 16 683 мың теңге.

4. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру және санитариясын қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі шараларды іске асыруға;

өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Көксу ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Көксуауданы мәслихатының хатшысы

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.