Навигация

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 30

Баннеры

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!

Категория: Объявления
Дата: 04.11.2019
Просмотры: 67 Печать страницы

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!


Көксу ауданы мәслихаты Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) 19 бабының 6 тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан «Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы», «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік» партиялары, қоғамдық бірлестіктерінен ұсынылған мүшелері (өз еркілерімен жазған өтініштері негіздерінде) өз міндеттерінен босатылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес, әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура және саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары

2020 жылғы бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде жарияланған күннен бастап он бес күннен кем емес мерзімінде тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссясының шешімінен үзінді көшірме;
  2. саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі
  3. кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан алуға болады);
  4. сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Көксу ауданы мәслихаты

Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы – Көксу ауданы мәслихатының хатшысы. Мәслихаттың орналасқан жері: Балпық би ауылы, Мырзабекова к-сі, 38.

Жауапты адамы – Досабаев Жандос Қуатұлы, телефон коды 8(72838), қызметтік телефоны – 2-07-02, электрондық почта мекен-жайы: maslihat@koksu.gov.kz.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.