Навигация

Сауалнамалар

Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгініп көрдіңіз бе?

Ия
Жоқ
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Жаңалықтар

«Бірлік бар жерде тірлік бар»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.01.2022
Оқылды: 1 Печать страницы
«Бірлік бар жерде тірлік бар»

Ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент Мәжілісінің отырысы өтті. Отырыста Президенттің ұсынысымен Алихан Смайлов Премьер-Министір болып тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта әлеуметтік экономикалық өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты - айқын. Бұл - заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту, қазақстандықтарға көмек көрсету үшін "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырамын. "Бұл президент немесе үкімет қоры емес. Бұл барлық қазақстандықтың қоры, бұл халық қоры! Адал басшы тағайындалады және толық ашықтық қамтамасыз етіледі" деп айтты Президент.
Сонымен қатар: Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік шекараны нығайту, көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіру, сыбайлас жемқорлық пен формализмге байланысты қоғамның сенімі төмен, мемлекеттік қызметте жақсы кадрлар қажеттілігін; жаппай бюрократия, Үкімет мүшелері халықпен тілдесіп, өңірлерге жиірек шығуы тиіс екендігін, ауыл шаруашылығына ерекше назар аударуды, Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауға тиістігін, біз субсидия алуды жеңілдетуге, оның қолжетімді болуын және ашықтығын қамтамасыз ету, алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажеттілігі бойынша мәселелерді айтты Президент.
Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Осындай ауыр кезеңде мен барлықтарыңызды сабырлық сақтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асырылуына ат салысып, қолдауға шақырамын.


Көксу ауданы
мәслихатының хатшысы
Ә.Досымбеков

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.