Навигация

Сауалнамалар

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 17

Баннеры

Жаңалықтар

28 қаңтарда онлай форматта ZOOM арқылы жиын өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 29.01.2021
Оқылды: 12 Печать страницы

2021 жылы 28 қаңтарда Алматы облыстық мәслихаты хатшысы Ж.Жөргенбаевтың төрағалығымен Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылау мақсатындаонлай форматтажиын өтті. Жиынға Алматы облыстық мәслихатының депутаты С.Шенгелбаев және Көксу ауданы мәслихатының депутаттары,аудан әкімінің орынбасары Н.Кененбаев, мәслихат хатшысы Ә.Досымбеков, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Бейсенов, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Нұрмуханбетов қатысты.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарысайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бағытында әзірленген Жол картасының басты басымдықтарына кеңінен тоқталды.Бағдарламаның толық нұсқасымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы таныстырды.

Отырыс соңында облыстық мәслихаттың хатшысы Ж.Ә.Жөргенбаев аудан әкімдеріне, мәслихат хатшыларына, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағаларының бірінші орынбасарларына нақты тапсырмалар берілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.