Навигация

Сауалнамалар

Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгініп көрдіңіз бе?

Ия
Жоқ
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 30

Баннеры

Жаңалықтар

2021 жылдың 15 қантарында VІІ шақырылған Көесу ауданы мәслихатының алғашқы ұйымдастыру сессиясы өткі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.01.2021
Оқылды: 16 Печать страницы

Сессияға аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Шеңгелбаев Секенбай Сейтжанұлы, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенов Мәлік Аманбайұлы қатысты.

Отырысты аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Байұзақова Жанар Қанатқызы ашып, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында өткізілген мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерімен таныстырды және жергілікті өкілді органдар депутаттарының мандаттарына ие болған халық қалаулыларын құтықтады.

Байжұманов Ғалым Қазбекұлы сессияның төрағасы болып сайланды.

Көксу ауданы мәслихатының депутаты Алпысбаев Қалибек Демегенұлының ұсынысы бойынша Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.


Сондай-ақ аудан мәслихатының тұрақты комиссиялары құрылып, төрағалары мен мүшелері төмендегідей сайланды::

1. Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы:

Комиссия төрағасы -Алпысбаев Қалибек Демегенұлы

комиссия мүшелері - Байжұманов Ғалым Қазбекұлы, Жүнісов Қуат Әлдібекұлы, Гаджиев Курбан Гадживалиевич

2. Көксу ауданы мәслихатының «Заңдылықпен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі» тұрақты комиссиясы:

Комиссия төрағасы - Қарабасов Қанат Тоқсанбайұлы

комиссия мүшелері- Айманбекова Айгүл Жетпісбайқызы, Аманбаев Армен Мәтенұлы

3. Көксу ауданы мәслихатының «Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі» тұрақты комиссиясы:

Комиссия төрайымы- Кан Инна Терентьевна

комиссия мүшелері - Байғабұлов Нұрлан Сейлханұлы, Асылбекова Гүлжанат Ақболатқызы, Шеңгелбаева Ансия Русланқызы


Сонымен қатар шара ағымында «Nur Otan» партиясының фракциясының мүшелері бекітілді.

Сессия барысында аудан әкімі А.Әділ мандатқа ие болған VII шақырылған 12 депутатқа төс белгі мен куәліктерін тапсырды.

Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттық корпусының құрамына «Nur Otan» партиясының 10 мүшесі, Қазақстан Халық партиясының 1 және «Ауыл» партиясының 1 мүшесі енді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.