Навигация

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 30

Баннеры

Құрметті ақ жаулықты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

Категория: Новости
Дата: 03.03.2020
Просмотры: 93 Печать страницы
Құрметті ақ жаулықты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!
Құрметті ақ жаулықты әжелер,
абзал аналар, аяулы қарындастар!

 

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз-халықаралық әйелдер күнімен барлық әйелдер қауымын шын жүректен құттықтаймын.

Әйел жанының сұлулығы мен нәзіктігін аша түсетін осы бір тамаша мерекенің жаңа туған көктем шуағымен сәйкес келуі ерекше мағынаны аңғартады. Себебі, әрбір Әйел-Ана да көктемдей құлпырып, адамзат өмірін сән-салтанатқа толтырып, әлемге жылылық , мейірім, татулық нұрын шашады.

«Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады»,-деген даналық сөз бар. Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Ардақты да аяулы аналарға деген құрмет шексіз бола бермек. Сіздерге әрдайым құрметпен бас иіп, құрмет тұтамыз.

Күннің шуағы-жылы,

Ананың құшағы – жылы», – дегендей, Ана – қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы, тәрбиенің қайнар бұлағы. Татулық пен тыныштықтың – алтын діңгегі бола білген аяулы жан.

Тіршіліктің алтын арқауы - сіздер, аяулы аналар мен арулар, әпке-қарындастар, ыстық ықылас пен ілтипатқа лайықсыздар!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Барлығымыздың отбасымызда келісім мен ізгіліктің лебі сезіліп тұрсын. Ешқашан да сіздердің жүздеріңізден әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтарыңыз бен жүректеріңіздің мәрттігі сөнбесін. Сіздердің баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік, шаңырақтарыңызға береке-бірлік тілеймін!

 

Аудан мәслихатының хатшысы

Ә.Досымбеков

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.