Навигация

Опросы

Водили-ли вы своего ребенка на открытие детского республиканского конкурса "Әнші балапан"?

Да водили
Нет не водили
Даже не слышали о проведении


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 17

Баннеры

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді

Категория: Новости
Дата: 14.01.2020
Просмотры: 136 Печать страницы
«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді

Биыл қазақтың Ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы, көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады,-деп басталған мақалада. Қасым-Жомарт Кемелұлы маңызды жобаның бірі-ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару керек екенін айтты.

Аталмыш мақала «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделері», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» деген бөлімдерден тұрады. Мақаланың әр бөлімі арнайы бір мәселелерге тоқталған. Соның ішінде «Торқалы тойдың тағылымы» деген бөлімде президент Абайдың сөзін, ойын айта келе, бұл тойды біз жай өткіншек той ретінде емес, өте бір маңызды шара ретінде қарауымыз керектігін айтады. Ол өз мақаласында былай дейді: Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауға тиіс. Бұл-ұлы ақын арманының орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз!

Мақалада мемлекет басшысы Абайдың білімге, ғылымға деген құштарлығын айта келе, қазіргі жастарды ғылымға, білімге шақырады.

Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.

Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.

 

Аудан мәслихатының хатшысы
Ә.Досымбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.